Сәлем, достар!
#yerdanashares жобасымен толығырақ танысу үшін төменге түсіңіздер.
Мен жайлы

Ердана Ержанұлы – алматылық журналист. Ол бұл веб-парақшаны өзінің жаңалықтарымен, тың ойларымен және жобаларымен бөлісу үшін ашқан. Шетел тілдерін үйрену мен саяхаттауды ерекше жақсы көретіндіктен еңбек жолын шетелдік жаңалықтар тілшісі ретінде бастады. Қазіргі таңда әлемді жаңа қырларынан тану әрі таныту мақсатында суретке түсірумен әуестеніп, сюжеттер жасап жүр.
Жоба атауындағы “yerdanashares” сөзі “Ердана бөліседі”, яғни Ердана өз білген-көргенімен, тәжірибесімен бөлісуді мақсат етеді дегенді білдіреді.
Жетінші арнадағы “Оян, Qazaqstan!” таңғы бағдарламасында
Шетелдегі оқудан елге оралған соң, мамандығым бойынша еңбек етсем, тілші болсам деген арман һәм талпыныс маза бермейтін. Желтоқсанның мерекеге толы демалыстарында Whatsapp-тағы топтардың біріне “Жетінші арна әлем жаңалықтары бойынша редактор іздейді” деген хабарландыру келіп түсті. Алып-ұшып барып, жоба жетекшісімен таныстым. Сұхбаттастық. Қабылдандым. Ол кезде 2021 жыл “сары ауыз балапан” үшін тосын сыйлары мол жыл боларын сезбеппін де. 14 ай ішінде Ердана “Оян, Qazaqstan!” таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасының “Әлем жаңалықтары” бөлімінің редакторы, аудармашысы, екі сағаттық тікелей эфирдегі жүргізушісі, қос бірдей Олимпиада ойындарының шолушысы, кәсіпкерлер, ым-ишара тілі және жануарлар әлемі тақырыбындағы сюжеттер редакторы болып мол тәжірибе жинадым. Сол жайлы толығырақ төмендегі сілтемеде (фотода).
Ұлыбританиядағы журналистік жобалар
Кардифф Университетінің Журналистика мектебінде оқи жүріп біршама медиа жобалар әзірледім. Олардың қатарында Cardiff News Plus атты жаңалықтар порталында тілші қызметін атқардым. Оңтүстік Уэльс бойынша түрлі тақырыптарда радио- және телерепортаждар дайындап, студияда продюсер қызметі бойынша бағымды сынап көрдім. Қорытынды диссертациялық жоба ретінде “From East Turkestan to Western Europe” (ауд. Шығыс Түркістаннан Батыс Еуропаға дейін) атты радио бағдарламаны тыңдармандар назарына ұсындым. Аталған жұмыстармен қысқаша танысып өту үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз.
Рәсімдер








Соңғы жаңалықтар Instagram парақшасында.
Байланысу үшін